GLASMAN компаниясы — бір жанұяның табысының бастауын 1998 жылдан алған қазіргі тарихы. Міне 13 жыл бойы компания қарқынды түрде дамып, тоқыма өнеркәсібін, сапасы мен пішу ісін жетілдіріп келеді.
Компанияда екі жүз елу біліктілігі жоғары қызметкерлер жұмыс істейді, олар өз білімін толассыз жетілдіруде, ТМД және шет елдерде мамандығын жоғарылату курстарынан өтуде.
2008 жылдың басында мектеп үлгілері мен ерлер киімінің әрленімін әзірлеу үшін Түркиядан қазір жыл сайынғы барлық жаңа топтамаларды жасап жүрген белгілі әрлендірушілер шақырылды.
Қазіргі таңда өндіріс Еуропаның A-S-S, PFAFF, DUERKOPP, AMF-REECE алдыңғы қатарлы фирмаларының жаңа жоғары технологиялық тігін жабдықтарымен және INDUPRESS фирмасы баспаларымен жабдықталған. Өндірісте тек қана сапалы импорттық кездемелер, сондай-ақ KUFFNER және GUTERMANN неміс фирмаларының қолданбалы материалдары қолданылады.
Өндірістің автоматтандырылған жүйесі сапасы жағынан шетелдік үздік бұйымдарға жол бермейтін, классикалық сәннің дүниежүзілік деңгейінің талаптарына сай келетін, өлшемдері саналуан, ал құны, бәсекеге қабілеттілігі жөнінен бәрінен басым бұйымдарды шығаруға мүмкіндік береді.