Маталар мен тоқыма бұйымдарына құнттап қарау және дұрыстап күтім жасау өнімді жарату мерзімін арттыруға жағдай жасайды. Төменде маталарға күтім жасау жөнінде және әртүрлі шикізаттық құрамдағы маталарды қалай дұрыстап үтіктеуге және жууға болатыны жайлы бірнеше кеңестер келтірілген.
Мақтадан жасалған бұйымдар өте берік, жоғары температураның әсерін жақсы көтереді. Мақтаның ерекшелігі — ылғалды сіңіретін керемет қабілеті. Жуғанда оның тез мыжылып қалатыны және апшуы кемшілігі болып табылады. Мақта жуғаннан кейін өте ұзақ кебеді. Мақтадан жасалған бұйымдарды 30–40 градус температурада кір жуғыш машинада жууға болады. ақ түсті ішкиімді жууға әмбебап жуғыш құралдарды, түрлі түсті ішкиімді жууға жұмсақ жуғыш құралдарды және ағартқышы жоқ құралдарды қолданады. Қатты оңатын заттарды тек салқын суда жуады және шайғаннан кейін бірден жақсы жайылған күйінде кептіреді. Шаю үшін суға (1 ас қасық) тұз қосыңыз.
Түрлі түсті заттың оңатынын анықтау үшін оның ұшын сулап, ақ шүберекке салып сығыңыз. Егер шүберекте боялған дақ қалса, онда түрлі түсті затты басқалардан бөлек жуады. Мақтадан жасалған заттарды машинада кептіруге де болады, бірақ, олардың бұл орайда көп апшитынын есте сақтау керек. Әсем өңделген бұйымдарды дымқыл күйінде кептіру үшін бөліп-бөліп іліп қоюға кеңес береді. Мақта-мата бұйымдарын үтіктейді.
Зығыр матаның беті тегіс және күңгірт жарқылды болып келеді. Зығырдан жасалған бұйымдар аз ластанады, түгі шықпайды, ылғалды жақсы сіңіреді және бұл орайда жылдам кебеді. Зығыр мата беріктілігімен ерекшеленеді. Зығыр матаны қайнатуға болады. Зығырдың қатты мыжылуын оның оңды қасиеттеріне жатқызады. Жуу температурасын матаның әрленуіне қарай таңдайды. Зығырдан жасалған бұйымдарды кір жуғыш машинада 30–40 градус температурада жууға болады. Түрлі түсті матаны 60 градус температурада кір жуады. Зығырдан жасалған бұйымдар жуғаннан кейін апшуы мүмкін. Оларды ылғалдатқышы бар жақсы қыздырылған үтікпен үтіктейді.
Жүн маталар жылуды өте жақсы сақтайды, салыстырмалы түрде аз ластанады және қатты мыжылмайды. Кейде киімнің мыжылған жерін тегістеу үшін оны былау бөлмесіне іліп немесе оған су шашудың өзі жеткілікті. Бұл бұйымды тек қана жүнге арналған жұмсақ жуғыш құралдармен қолмен жуады. Бұйымды жуғанда үйкеу және бұрауға болмайды. Жүнді ұзақ жібітіп қоймаған жөн. Жуылған бұйымды сықпайды, түкті сүлгіге орап, суға ұқыпты түрде малады. Бұйымды кептіргенде ілмеген жөн — пішінін жоғалтуы ықтимал. Жүнді заттарды дымқылды күйінде жайып қояды. Оларды дымқыл мата арқылы үтіктейді. Жоғары сапалы жүннен жасалған бұйымды химиялық тазалауға беру ұсынылады.
Жүнді заттарға күтім жасау жөнінде тағы бірнеше кеңестер:
Барлық жібек маталары өз салмағының жартысына тең мөлшерде ылғалды сіңіреді. Бұл орайда жылдам кебеді. Тері ылғалы жібек бетінен өте жылдам буланады, бірақ бұл орайда тер дақтары қалып қояды, оларды спиртпен кетіру ұсынылады. Әдеттегідей жуғанда табиғи жібек қатты оңып кетуі мүмкін. Жібекті тек қана сәл жылы суда қолмен жууға болады. Жібекті затты қолмен үйкеуге және бұрауға мүлде болмайды. Бояудың ашықтылығын қайтару үшін жуғаннан кейін жібектен жасалған бұйымды шамалы сірке суын қосып, салқын суда шайқау қажет. Жуғаннан кейін бұйымды батареялардан және тікелей күн сәулесінен алыста кептіреді. Жібек заттарды ішкі жағынан суламай, дымқыл күйінде үтіктейді, себебі судан дақтар қалып қалуы мүмкін.
Трикотаждан жасалған бұйымдарды қолмен немесе жұмсақ жуғыш құралдардың көмегімен 30 градус температурада кір жуғыш машинада жуады. Жуылған трикотажды құрғақ ақжаймаға сәл сығады және орап қояды. Трикотаж заттарды шшкі жағынан 150 градус температурада үтіктейді.
Вискоза талшығы әртүрлі өңдеу кезінде өз жарқылы және тығыздығымен жібек, мақта немесе тіпті жүнді еске түсіреді. Вискоза талшығында тіпті зығырға тән жіптің жуандауды орындайды. Вискозадан жасалған бұйымдар ылғалды жақсы сіңіреді, бірақ ылғал күй-жағдайда беріктігін жоғалтады. Сондықтан құнттап жууды талап етеді. Вискозадан жасалған бұйымдарды жұмсақ құралдарды қолданып, қолмен немесе кір жуғыш машинада 30–40 градус температурада жуады. Бұйымды бұрау, әсіресе центрифугада сығу ұсынылмайды. вискозаны 150 градус температурада ылғалдатқышы бар үтікпен үтіктейді (термореттегіштің күйі — «жібекке» қойылады).
Ацетаттан жасалған бұйымдарды қолмен немесе кір жуғыш машинада 30–40 градус температурада жұмсақ жуғыш құралдардың көмегімен жуады. Бұйымды центрифугада бұрамайды және сықпайды. 150 градус температурада үтіктегі «жібек» термореттегіш күйін қолданып, ылғалдатқышпен үтіктейді.
Полиэстерден жасалған бұйымдарды кір жуғыш машинаға 40 градуста жұмсақ жуғыш құралдардың көмегімен жууға болады. Бұйымды центрифугада сықпайды. Ақ түсті маталарды әмбебап кір жуғыш ұнтақтармен, түрлі түсті маталарды синтетикалық маталарға арналған ұнтақтармен жуады. 150 градус температурада үтіктегі «жібек» термореттегіш күйін қолданып, ылғалдатқышпен үтіктейді.
Гипюрден жасалған бұйымдарды қолмен немесе кір жуғыш машинада 30–40 градус температура жұмсақ жуатын құралдардың көмегімен жуады. Бұйымды центрифугада сықпайды. 150 градус температурада үтіктегі «жібек» термореттегіш күйін қолданып, ылғалдатқышпен үтіктейді.
Атластан жасалған бұйымдарды қолмен не жұмсақ кір жуғыш ұнтақпен 30 градус температурада жууға болады. Атласты үйкеуге, сығуға және бұрауға болмайды. Жуғаннан кейін атластан жасалған бұйымды түсінің ашықтылығын қайтару үшін шамалы сірке суын қосып, салқын суда шайқау қажет.
150 градус температурада үтіктегі «жібек» термореттегіш күйін қолданып, ішкі жағынан ылғалдатқышпен сәл дымқыл етіп үтіктейді.
Шифоннан жасалған бұйымдарды жұмсақ кір жуғыш ұнтақпен 30 градус температурада қолмен жууға болады. 150 градус температурада үтіктегі «жібек» термореттегіш күйін қолданып, ішкі жағынан ылғалдатқышпен сәл дымқыл етіп үтіктейді.
Лайкрадан жасалған бұйымдарды қолмен немесе 40 градус температурада кір жуғыш машинада жұмсақ жуатын құралдардың көмегімен жууға болады. 150 градус температурада үтіктегі «жібек» термореттегіш күйін қолданып, сәл дымқыл мата арқылы үтіктейді.
Барқыт және помбарқыт салмағына қарай үтіктеу ұсынылады. Ішкі жағынан су шашыңыз және мыжылған түкті жазғанша ішкі жағынан үтікпен жеңіл жүргізіңіз. Стрейч — барқыттан жасалған бұйымдар үтіктегенде керілмеуі үшін мата ілмектеріне кесе-көлденең емес, тек бойлай үтіктеуге талаптаныңыз. Түкті маталарға немесе фланельде үтіктеген жөн. Үтікті матада оған салмақ салмай жүргізіңіз.
Жасанды жібектен жасалған тафта бұйымын сәл дымқыл күйінде, ішкі жағынан, ыстық емес үтікпен үтіктейді. Жібек тафта бұйымдарын жуған уақытта қатты бұрауға және сығуға болмайды. Дұрыстап сықпағанда пайда болатын бүрмелер үтіктегеннен кейін де қалып қояды. Сондықтан бұл заттарды таза матаға кептіру үшін жаяды, осы матамен үстіңгі жағынан жабады және қолдарымен қысып, керексіз ылғалды алып тастайды.
Шілтерді, ең алдымен, (3 ас қасық, 5 литр суға) крахмалдайды, содан соң біркелк қыздырылған үтіктің алдыңғы бөлігімен (тұмсығымен) мыжымай үтіктеу керек. Синтетикалық шілтерге ыстық үтікті жолатпау керек екенін ұмытпаңыз.