Киім мен тоқыма бұйымдарының заттаңбаларындағы шартты белгілеулер

Әр адам өз киімінде нақты тоқыма бұйымын жарату және күтім жасау жөнінде кепілдемелері бар заттаңбаны кезіктірген шығар. Көбінесе, киімде осы ақпараттық заттаңбаға талшықтардың арақатынасы (пайызбен) көрсетілген бау қоса беріледі. Заттаңбада белгілі бір заттың қандай материалдан жасалғаны (шикізаттық құрамы), қалай оны дұрыстап жуу, кептіру, үтіктеу керектігі (бұл амалдарды жалпы жүргізуге болатыны-болмайтыны) көрсетіледі. Бұл ақпарат киіміңіз бен тоқыма бұйымдарыңыздың сырт пішіні мінсіз болуы, бұл орайда, барлық жарату қасиеттері сақталуы үшін олардың жарату мерзімін ұлғайтуға көмектеседі. Көптеген адамдарға бұл шартты белгілеулер түсініксіз, бірақ қазіргі тұтынушы оларды жақсы білуге міндетті.

Үтіктеу

Үтіктеуге болады
Үтіктің жоғары температурасы 200o С аспайтын кезде (Мақта, зығырды) үтіктеуге болады
Үтіктің температурасы 140o С аспайтын кезде үтіктейді
Үтіктің температурасы 130o С аспайтын кезде үтіктейді
Үтіктің температурасы 120o С аспайтын кезде үтіктейді
Үтіктемейді
Булауға болмайды

Сығу

Кір жуғыш машинада жоғары температурада сығады
Кір жуғыш машинада орташа температурада сығады
Кір жуғыш машинада төменгі температурада сығады
Кір жуғыш машинада сығуға және кептіруге болмайды
Кір жуғыш машинада сығуға және кептіруге болады

Кептіру

Бұйым ілінуі тиіс
Дымқыл бұйымды жазық бетте жаяды
Тігінен ілінген күйінде кептіруге болады
Кептіруге болады
Кептірмеңіз
Сықпаңыз, бұрамаңыз

Химиялық тазарту

Жалпыға бірдей қабылданған еріткіштермен химиялық тазарту
Көмірсутегін, хлорлы этиленді, монофторүшхлорметанды қолданып химиялық тазарту
Көмірсутегі мен үшфторүшхлорметанды қолданып тазарту
Көмірсутегін, хлорлы этиленді, монофлоүшхлорметанды қолданып, аялы түрде тазарту
Көмірсутегі мен үшфлоүшхлорметанды қолданып, аялы түрде тазарту
Құрғақ тазарту
Химиялық тазартуға тыйым салынған
Химиялық тазарту кезінде сақ болыңыз. Бұйым еріткіштердің бәріне бірдей төзімді емес. Уайт-спиритте тазартуға жол беріледі

Ағарту

Ағартуға болады
Ағартуға болмайды. Жуғанда құрамында ағартқыштары (хлор) бар құралдарды қолданбайды
Хлорды қолданып, ағартуға (тек суық суды қолдануға) болады
Хлорды қолданбай ғана ағартуға болады
Хлорды қолданбай ғана ағартуға болады

Кір жуу

Жууға болады
Кір жууға тыйым салынған, химиялық тазартудан өткізбеген жөн
Кір жуғыш машинаны қолдануға болмайды
Аялы түрде жуу. Су температурасын дәл сақтау, күшті механикалық өңдеуден өткізбеу, сыққанда — центрифуганың баяу режимі
Көрсетілген температураны мұқият сақтау, күшті механикалық өңдеуден өткізбеу, бірте-бірте суық суға өтіп шаю, кір жуғыш машинада сыққанда центрифуганы айналдырудың баяу режиміне қою
Сыпайылап жуу. Мол мөлшерлі су, аз мөлшерлі су — механикалық өңдеу, тез шаю
Тек қолмен жуу. Үйкемейді, сықпайды. Барынша жоғары температура — 40o С
Ішкиімді қайнатып жуу
Түрлі-түсті ішкиімді жуу. (Температура 60o С дейін)
Түрлі-түсті ішкиімді жуу. (Температура 50o С дейін)
Ішкиімді бейтарап жуғыш құралдармен жылы суда жуу және түрлі-түсті ішкиімді жуу (Температура 40o С дейін)
Жылы суда жуу. (Температура 30o С дейін)